ОҚО ІІМ –нің қызметкерлеріне медиация туралы түсіндіру-насихаттау жұмысы жүргізілді.

19.01.2018ж күні ОҚО ІІМ –нің ұйымдастыруымен мекеме қызметкерлеріне «Медиацияның қолданылу аясы» деген тақырыпта медиацияны түсіндіру-насихаттау жұмысы жүргізілді.

Баяндаушы Акшегирова Лаура медиация туралы заңды, медиацияны қолдану салаларын, РҚБ «Медиацияны дамыту орталығы» кәсіби медиаторларының бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері туралы, облысымызда атқарылып жатқан жұмыстар туралы, Пилоттық жобаға қатысты 13-бағыт туралы, сотқа дейінгі (сот барысындағы, соттан тыс) медиация және сотталғандарға көмек ретінде қалыпқа келтіру медиациясы түсіндірілді.

Іс-шара барысында қатысушылар қызығушылық білдіріп сұрақтар қойылды. Мекемемен бірлесіп жұмыс жасау, медиацияны дамыту жолдары қарастырылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *