Курс подготовки преподавателей образовательных учреждений в рамках повышения квалификации по вопросам медиации
Медиация Қазақстанда өз жолын бастағанына он бір жыл өтті және өзін дауларды шешудің ең тиімді әдісі ретінде танытты. Алайда дауды сотқа дейін балама түрде шешудің бұл әдісі туралы қоғамдағылардың бәрі бірдей біле бермейді. Халықты дұрыс ақпараттандыру, сондай-ақ еліміздің білім беру ұйымдарында оқитын жастарды ақпараттандыру бойынша іс-шараларды жандандыру мақсатында ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ РҚБ медиация мәселелері бойынша біліктілікті арттыру аясында білім беру ұйымдары педагогтарының біліктілігін арттыру курсы – бағдарламаны іске қосты. 2022 жылдың 25 қазанда осы бағдарлама бойынша білім алған бір топ ұстаздың алғашқы бітіру кеші өтті. Тренинг барысында оқытушылар Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңымен және медиацияны қолдану тәжірибесімен танысты, сонымен қатар ме