Медиация Қазақстанда өз жолын бастағанына он бір жыл өтті және өзін дауларды шешудің ең тиімді әдісі ретінде танытты. Алайда дауды сотқа дейін балама түрде шешудің бұл әдісі туралы қоғамдағылардың бәрі бірдей біле бермейді. Халықты дұрыс ақпараттандыру, сондай-ақ еліміздің білім беру ұйымдарында оқитын жастарды ақпараттандыру бойынша іс-шараларды жандандыру мақсатында ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ РҚБ медиация мәселелері бойынша біліктілікті арттыру аясында білім беру ұйымдары педагогтарының біліктілігін арттыру курсы – бағдарламаны іске қосты. 2022 жылдың 25 қазанда осы бағдарлама бойынша білім алған бір топ ұстаздың алғашқы бітіру кеші өтті. Тренинг барысында оқытушылар Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңымен және медиацияны қолдану тәжірибесімен танысты, сонымен қатар медиация туралы ақпарат беретін спикердің дағдыларын меңгерді. Олардың әрқайсысы қажетті жаттығуларды іс жүзінде шыңдады. Тренинг нәтижелері бойынша тыңдаушылар тиісті емтихан тапсырып, курсты аяқтағаны туралы лайықты сертификаттарға ие болды. Бұл мұғалімдер тобы мемлекеттік тілде білім алды. Орыс тілді мамандар үшін курстар орыс тілінде жүргізіледі.
Прошло уже одиннадцать лет с момента, как медиация начала свой путь в Казахстане и зарекомендовала себя, как наиболее эффективный способ урегулирования споров. Однако, в обществе не всем известно о данном способе альтернативного суду урегулирования споров. С целью активизации деятельности по правильному информированию населения, а также информированию обучающейся молодежи в учебных заведениях страны, RPA INTERNATIONAL MEDIATION CENTRE запустил программу – курс подготовки преподавателей образовательных учреждений в рамках повышения квалификации по вопросам медиации. 25 октября 2022 года уже проведён первый выпуск группы преподавателей, прошедших подготовку по данной программе. В ходе обучения, преподаватели ознакомились с Законом РК «О медиации» и с практикой применения медиации, а также овладели навыками спикера, подающего информацию о медиации. Каждый из них на практике оттачивал необходимые упражнения. По результатам обучения, слушатели сдали соответствующий экзамен и получили заслуженные сертификаты об окончании курса. Данная группа преподавателей проходила подготовку на государственном языке. Для русскоговорящих специалистов, курсы проводятся на русском языке.