Тел.:+7 (707) 200 18 02 ; +7 (701) 210 17 66

2022 жылы 14 қазан күні Атырау IMC БИЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ 2022

 

                                   «Билер институтын заманауи жаңғырту.

                                       Медиация мүмкіндіктері» форумы.

              Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауында  «Әділетті мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам»  құру негіздері таңдалған болатын. Медиация институтының да мақсаты — Бейбітшілікті сақтау осы ұғымдармен үндеседі.

Осыған орай, 2022  жылы 14  қазан күні Атырау қаласында Республикалық қоғамдық бірлестік «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ» өкілдігі ұйымдастыруымен Атырау облысы әкіматы мен Атырау облысы сотының қолдауымен «Билер институтын заманауи жаңғырту. Медиация мүмкіндіктері» тақырыбында Республикалық форум өтті.

      Форумның мақсаты:  Билер институтының жаңа форматы арқылы медиацияның мүмкіндігін көрсету.

       Міндеті мен күтілетін нәтиже: қоғамда тұрақтылықты сақтауда дауларды сотта, соттан тыс шешуде ұлттық сананы дәріптей отырып, медиацияның мүмкіндіктері арқылы, Билер институтын жаңа форматқа көшіру. Аталған жұмыстар, ел ішіндегі дау-дамайлар көрсеткішін төмендетумен қатар, жанжалсыз қоғам құруда мызғымас бірлік пен берекеге қол жеткізеді деп күтіледі.

Форумға Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларынан осы орталықтың білікті Билері мен тәжірибелі кәсіби медиаторлары, Атырау облысы Әділет департаменті, Атырау облыстық сот төрағалары, мемлекеттік органдардың бөлім басшылары, Атырау облысы полиция департаментінен Тергеу,Анықтау басқармасы басшылары т.б. шақырылған қонақтар қатысты. Форумды Атырау облысы әкімі орынбасары Ж.О.Бисембиев ашып, Атырау облыстық сот төрағасы Б.Т. Жумагулов форум жұмысын салтанатты түрде ашып, форумның маңызына тоқталып,сәттілік тіледі. Атырау облысы прокуроры Б.А.Жумаканов: «Қылмыстық істердегі татуластыру», РҚБ ХМО тренер — жаттықтырушылары Қ.Д. Тулекеев: «Би институтын медиация мүмкіндіктері арқылы заманауи жаңғырту», Н.М. Тулекеева: «Трансшекаралық даулар. Инвестиция әкелуде медиацияның ролі» баяндамаларында Медиацияның барлық саладағы мүмкіндігін, бүгінгі таңда Отанымызға қажетті инвестиция әкелуде орталық тәжірибесіне де тоқталып өтті. «Әкімшілік сот процестерінде татуластыру» тақырыбында Облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы төрағасы А.У.Салихова мазмұнды баяндама арқылы татуласу рәсімдерінің жүргізілуіне тоқталды.

                       Биылғы жылғы ұйымдастырған шараның өзектілігі неде?

  1. Осы шара арқылы әкімшілік істер жөніндегі сот тәжірибесі арқылы мемлекеттік

мекемелердегі кез келген  дауды сотта немесе сотқа жеткізбей шешудің, сотқа баламалы әдісі ретінде, медиация институтына назарын аударту, медиацияның тиімділігін түсіндіру.

  1. Инвестиция саласында — орталық тәжірибесі арқылы медиацияның мүмкіндігін

түсіндіру. Медиация екі тараптың да мүдделерін қорғап, өздері алған міндеттемелер мен жауапкершіліктерді абыроймен атқаруға, нақты айтқанда, Бизнесті қорғауға бағытталған институт екенін МФЦА, МАЦ халықаралық соты дәлел. Ендеше, біздің орталық экономикалық дауларды халықаралық сот алаңында медиация арқылы шешіп жүрген жалғыз орталық екені сөзсіз.

  1. Бүгінгі таңда қоғамдық Билер ел ішіндегі дау — дамайды шешуде қауқарсыздық

танытуда. Себебі, оларға өмір тәжірибесі мен қатар дау — жанжалды шешуде түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеру, соның ішінде, медиативтік әдісті терең меңгеру қажеттілігі күн санап артуда.

   Қазіргі заманда БИ статусын жаңа  форматқа, өмір талабына сай жаңарту қажеттілігі тұр.

Міне, осындай іс-шаралар ел ішінде бейбітшілікті сақтауға, дау — жанжалсыз қоғам құруға  әбден негіз болады деуге болады.